Күзетілетін тұрақтан көлік ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағандылық ұры күзетілетін тұрақтан көлік ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қарашада Қарағанды қаласы Михайлов полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны хабарласып, оған тиесілі 2 млн 300 мың теңге тұратын автомобильді белгісіз біреудің ұрлап әкеткені туралы арызданды.
Жәбірленушінің көлігі күзетілетін, бірақ дабыл белгілері жоқ тұрақта тұрған. Ұрлық жасалған сәт тұрақ маңайындағы бейнебақылау камераларына түскен.
4 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азаматты ұстады. Қаскүнем кінәсін мойындады.
Темір тұлпар иесіне қайтарылды.