Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында әрбір екінші іс электрондық форматта тергеледі

Қостанай облысының Полиция департаментінде әрбір екінші қылмыстық іс электрондық форматта жүргізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы Қостанай облысы ПД басшылығы өткізген жедел кеңесте айтылды. Сондай-ақ жедел кеңесте облыс полицейлерінің 2020 жылдың 10 айындағы жұмыстарының қорытындылары талқыланды.

Облыстық ПД бастығы Бекет Аймағамбетов жеке құрамға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІМ-нің кеңейтілген Алқа отырысында берген тапсырмаларын жеткізді.

– Ішкі істер органдарын реформалауда заңдылық пен әділдікке көп көңіл бөлінеді. Адамдардың тағдыры қылмыстық істердегі қателіктерге байланысты екенін есте сақтау қажет. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті, – деді Бекет Аймағамбетов

Жедел кеңесте бастықтың орынбасары Қайрат Дүйсембеков 2020 жылдың 10 айындағы тергеу бөлімшелерінің  жұмыс нәтижелері туралы баяндады. Облыс тергеушілері 3300-ден астам қылмыстық істі тергеп, сотқа жіберген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27% – ға көп.

Департамент бастығы Б.Аймағамбетов тергеудің электрондық форматын ең алдымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоятын прогрессивті жол ретінде енгізу қажеттілігін атап өтті. Қостанай облысының тергеушілері бір жыл бұрын жаңа компьютерлермен, веб-камералармен қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта қылмыстық істердің электрондық форматтағы үлесі 53,8 пайызға дейін жеткізілді. Бұл облыс тергеушілерінің өндірісіндегі әрбір екінші қылмыстық істің электрондық форматта жүргізілетінін білдіреді.

– Жұмыста бастысы – кәсіби шеберлік және кәсібіңе адалдық, азаматтарға құрметпен қарау, іске қатысушылармен кездесуге, тергеу экспериментіне және жауап алуға мұқият дайындалу,- деді Бекет Аймағамбетов.

Жиында өңірдің үздік тергеушілері мен анықтаушылары грамоталармен және қол сағаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру