Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автоұрлықтарды алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Бір аптаның ішінде полицейлер Нұр-Сұлтан қаласында есігі ашық қалған 140-тан астам көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер кешкі уақытта Ә. Молдағұлова көшесі бойындағы үйдің ауласында патрульдеу барысында есігі ашық тұрған көлікті байқаған. Полицейлер көліктің иесін дереу анықтап, хабарлаған. Сонымен қатар жүргізушімен алдын алу жұмысын жүргізген.

ПД ПП Полкі қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында есігі мен жүксалғышы ашық қалған көліктерді анықтайды. Жыл басынан бері есігі ашық қалған 30 мыңға жуық автомашина анықталған.

Автокөлікке ұрының ұрлыққа түсуінің алдын алу және ескерту мақсатында халық арасында автоұрлықтарды болдырмау бойынша алдын алу жаднамалары таратылады. Бір аптаның ішінде 1000-нан астам жүргізушіге жадынама табысталды.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД көлік құралдарының иелерін есігі ашық қалған және қарапайым қорғаныс құрылғылары жоқ автокөліктерде жиі ұрлық жасалатыны туралы ескертеді. Қырағылық танытыңыздар, автомашинаның есіктері мен терезелерін ашық қалдырмаңыздар, дабыл орнатыңыздар. Көлік құралын күзетілетін тұраққа қойыңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру