Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 5 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 5 мыңнан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы басталғалы бері Қарағанды қаласының полицейлері  түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны  үшін 5 520 адамды, оның ішінде Қазақстан Республикасында тіркеусіз тұрған немесе құжаты жоқ 620 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Барлық анықталған фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін  тиісті органдарға жолданды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері 8 мыңнан астам азаматты тұрғылықты жері бойынша тексерді,  белгілі бір тұрғылықты мекенжайы жоқ 200-ден астам адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру