Пробация есебіндегі сотталған азаматтар мұражайға экскурсия жасады
Сырдария аудандық пробация қызметінің инспекторлары пробация есебінде тұратын оннан астам сотталған азаматты аудандық тарихи өлкетану музейіне алып барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Музейдің ғылыми қызметкері сотталған азаматтарды 2017 жылы ашылған «Еңбек даңқы» залындағы ауданның қалыптасуы мен даму тарихына үлес қосқан, ел игілігі үшін қызмет еткен еңбек адамдары, осы ауданнан шыққан, есімі тарихта қалған тұлғалар туралы мәліметтермен таныстырды.
Көненің көзі, ескінің өзінен сыр шертетін тарихи өлкетану мұражайының қорында 10 мыңнан астам экспонат бар. Экскурсиядан рухани азық алған сотталған азаматтар пробация қызметкерлеріне алғыс айтты.
– Есептегі азаматтарды қоғамнан оқшауламай, ортаға бейімдеу мақсатында осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз,- деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы А.Сақыбеков.