Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда екі бірдей елдің азаматтығымен 13 жыл жүрген әйелге айыппұл салынды

Атырау облысының полицейлері 13 жыл бойы екі бірдей елдің азаматтығымен жүрген әйелге 500 мың теңгеден астам айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ресей азаматына тұрмысқа шыққан азаматша 1998 жылы  Ресей Федерациясына көшіп кеткен.

Ол 2007 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алған, бірақ ол басқа елдің азаматтығын алғаны туралы отыз күн ішінде елшілікке немесе ішкі істер органдарына хабарламаған.

Сонымен қатар бұл азаматша осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін тапсырмаған.

Тексеру барысында оның  2012-2019 жылдар аралығында Қазақстан аумағына бірнеше рет келіп, елден Ресей Федерациясының паспортымен шыққаны анықталды.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабының 2-бөлігі (ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау)  бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру