Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда интернет-алаяқ ұсталды

Интернет-алаяқ қаржылық пирамида қағидаты бойынша жұмыс істеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқ қылмыстық ниетпен «Инстаграм» әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, онда ақшаны қысқа мерзімде айналдырып алуды ұсынған, яғни салынған сомадан көп пайыздық дивидендтер төлеуге уәде берген. Ол қаражатты электрондық аударымдар арқылы алып отырған. Алайда төлемді алғаннан кейін ол жәбірленушінің аккаунтын барлық әлеуметтік желілерде бұғаттап тастаған. Қаскөйді Әуезов аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері мен ПД Криминалдық полиция басқармасының  киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері әшкерелеп, ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қаласының ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру