Қарағандыда кабель ұрлаған күдікті ұсталды
Cаран қаласында 180 метр мыс кабелін ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қараша күні Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен 31 жастағы азаматты ұстады.
Күдікті қаладағы құрылыс алаңдарының бірінен 180 метр мыс кабелін ұрлағанын мойындады.
Келтірілген шығын көлемі 168 мың теңгені құрайды.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.