Павлодар облысының полицейлері дүкеннен ұсақ-түйек жымқырумен айналысқан азаматты ұстады
Павлодарда супермаркеттен бір шөлмек арақ пен бір банка паштет ұрлаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Супермаркеттердегі ұрлық кейбіреулер үшін қылмыстық хоббиге айналған. Биылғы жылдың басынан бастап облыс дүкендерінде 137 ұрлық жасалып, 96 ұрлық ашылды.
Мысалы, 2020 жылдың 8 қарашасында қаладағы сауда үйлерінің бірінен «Журавль» маркалы бір шөлмек арақ пен бір банка паштет ұрланған.
Ұрының қылмыстық әрекеттері сауда залында орнатылған бейнебақылау камерасына жазылған.
Дүкен қызметкерлері болған оқиға туралы полицияға хабарлады. Полиция қызметкерлері ізін суытпай ұрының жеке басын анықтады. Ол Ақсу қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Бұрын сотталған ер адамға қатысты ҚР ҚК 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.