Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 29,9 пайызға төмендеді

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 29,9 пайызға төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Президент Әкімшілігінен түскен отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобасын талқылау, қоғамда әлеуметтік резонансты төмендету бойынша ақпараттық-түсіндіру мақсатында брифинг өткізілді. Аталған жиында отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобасы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі заңнама мен құқық қолдану практикасының ережелері талқыланды. Сондай-ақ, ТО ПД ЖПҚ Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бегімхан Ахметов 2020 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Аталған баяндамада:

Жалпы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылып нәтижесінде облысымызда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар – 29,9 пайызға (184-тен 129-ға) төмендеген. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары мен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жоқ!» және «Отбасындағы бейбітшілік» атты акцияларды өткізіп отырамыз. Осы бағытта жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, ата-анасының бақылауынсыз жүрген 61 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған (ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі) – 162, түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген (ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі) – 4 395, кәмелетке толмағандарға темекі бұйымдарын сатқан (ӘҚБтК-нің 133-бабы) – 42, алкоголь өнімдерін сатқан үшін (ӘҚБтК-нің 200-бабы) – 52 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оған қоса түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген (ӘҚБтК-нің 132-бабы) – 61 мекеме иелеріне қатысты әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін сот құзырлығына жолданды.

Құқық бұзушылыққа бейім 608 кәмелетке толмаған және бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын 332 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды. Құқық бұзушылыққа бейім төрт жасөспірімді Кентау қаласындағы арнайы мектепке жолдау туралы Сот шешімі қабылданды. Одан бөлек, аталмыш іс-шарада жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау аясында өзекті мәселелер қаралып, соның аясында алдағы күндерге жоспарлар құрылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру