Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен 10 қыз есепке алынды
Ақтөбе облысы аумағында 10-14 қараша аралығында «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында пәтерлерді жалға беретін адамдар, ойын-сауық орындары, монша кешендері, сауналар мен қонақ үйлер, сондай-ақ ұрлықпен, бас бостандығынан заңсыз айыруға байланысты қылмыстарды ашу мақсатында шаруа, фермер қожалықтары мен құрылыс объектілері тексерілді.
Жалпы, «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы негізінде облыс бойынша адам саудасының – екі, «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» – екі, жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай берудің бір дерегі анықталды.
Сонымен қатар, бір сутенер және интимдік қызмет көрсететін 10 қыз анықталып, есепке алынды.