Елікті заңсыз атқан Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды
Павлодарлық браконьер екі елік атып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 15 қарашада табиғатты қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтауға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары аясында Павлодар облысы бойынша табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері мен Павлодар облысы бойынша мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының өкілдері Павлодар ауданы Мичурино ауылының № 2 карантиндік бекетінде «Ниссан» маркалы автокөлікті тоқтатты.
Жоғарыда аталған автомашинаның шанағын тексеру кезінде полиция қызметкерлері екі еліктің ұшасын тапты, ал аңшыда бір ғана елікті атуға тиісті рұқсат құжаттары болды.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 903 фактісін анықтады.