Пробация есебіндегі сотталған азаматтар арасында спорттық шара өткізілді
Жаңақорған аудандық пробация қызметі мен Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен сотталған азаматтар арасында қол күрес, асық ату, гір тасын көтеру және арқан тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен спорттық шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есептегі азаматтар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және оларды спортқа баулу мақсатында өткізілген шараға 15-ке жуық сотталған азамат қатысты.
Тартысты өткен сайыс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.