Жоғалып кеткен Қызылорда облысының тұрғыны Тараз қаласынан табылды
Қараша айының басында жоғалып кеткен Қызылорда облысы Шиелі ауданының 58 жастағы тұрғыны Тараз қаласының Айша бибі ауылынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
58 жастағы азаматтың жоғалып кеткені туралы арыз полицияға 2020 жылғы 5 қарашада келіп түскен.
Дереу іздестіру жұмыстары басталып, жоғалған азаматтың суреті бар бағдар Қазақстанның барлық өңірлеріне жіберілді.
Хабар-ошарсыз кеткен азаматты іздеуге ауданның еріктілері де атсалысты.
Қарқынды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Шиелі аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері хабар-ошарсыз кеткен азаматты Тараз қаласы Айша бибі ауылынан іздеп тапты.