Жамбылдық полицейлер телефон ұрлығын ашты
Полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлағаны үшін Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында полицияға облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны Тараз қаласының тез тамақтану пункттерінің бірінде белгісіз адамның ұялы телефонын ұрлап кеткені жөнінде шағымданған.
Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері ұрыны анықтады, ол өз кінәсін мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.