Қарағандылық полицейлер перфораторды жәбірленушіден тартып алған күдіктіні ұстады
Қарағандылық полицейлер перфораторды жәбірленушіден тартып алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қарашада Қарағанды қаласы Жаңа Майқұдық полиция бөліміне Пожарная көшесінде орналасқан үйлердің бірінде тонау жасалғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жақын жүрген Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полициясы полкінің жасағы барды. Жәбірленушінің сөзінен белгісіз біреу қолындағы перфораторды тартып алғанын түсінді. «Қаскүнемнің жасы 25-30 жастағы ер азамат» деп сипаттады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ізін суытпай кінәсін мойындаған 27 жастағы күдіктіні құрықтады. Қылмыстық істі ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.