Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тіркелмеген қару тасыған азамат ұсталды

Қызылордада тіркелмеген қару алып жүрген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қараша күні тәртіп сақшылары Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының солтүстігінде орналасқан шаруа қожалығының маңында жергілікті тұрғын басқарып келе жатқан “Газель” маркалы көлікті тоқтатып, тексеру барысында оның жүргізушісінің тіркелмеген 12 калибрлі, жалғыз ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз алып жүргенін анықтады.

Аңшы мылтығы тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Шиелі ауданының тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігіне (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру