Ноутбук ұрлаған азамат ұсталды
Қарағанды қаласында бір ай бұрын ноутбук ұрлап әкеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қазан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне қаладағы жанар-жағармай бекеттерінің бірінен белгісіз біреудің ноутбук ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
30 жастағы жәбірленуші ноутбукты жарты сағатқа қараусыз қалдырғанын және осы сәтте белгісіз біреудің ноутбугын ұрлап әкеткенін айтқан.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құраған.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
23 қараша күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы азамат анықталып ұсталды. Күдікті жасаған қылмысын мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.