Үш ұрлыққа қатысы бар күдікті құрықталды
Қызылордалық полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көбінесе азаматтар бейқамдығының салдарынан ұрылардың құрбанына айналады.
23 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны 22 қараша күні күндізгі сағат 10:30-да көтерме сауда дүкендерінің бірінің алдында тұрған «Газель» маркалы автокөлігінен белгісіз біреудің жүргізушінің көлікті кілттемей тастап кеткенін пайдаланып, құны 130 мың теңгеге жуық 26 блок темекісін ұрлап кеткені туралы шағымданған.
Полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде бірнеше сағаттан кейін күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол бұрын сотталған 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оның тағы осындай екі ұрлыққа қатысы бар екенін анықталды. Күдікті қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Үй-жайға немесе көлік құралына заңсыз кіріп жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.