Үш күн ішінде 416 құқық бұзушылық анықталды
Қызылордада үш күн ішінде 416 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген қызмет түріне көшірілген.
Үш күн ішінде облыс полицейлері 416 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады.
Оның ішінде спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша 91 азамат, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 азамат, тыныштықты бұзғаны үшін 41 азамат, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болу фактісі бойынша 15 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 103 жүргізушіге, автокөлікті масаң күйінде басқарған 7 жүргізушіге, жаяу жүргiншiлерге жол бермеген 11 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Осыған дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің қайта көлік басқаруының 6 фактісі анықталды, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы 12 құқық бұзушыға, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған 8 құқық бұзушыға әкімшілік шаралар қолданылды.
Сонымен қатар шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұруының 69 дерегі анықталды.