Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық тұрғын қонаққа келіп, үй иесінің карточкасын ұрлап кеткен

Қызылордада полицейлер «ізін суытпай» ұрыны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 1984 жылы туған қала тұрғыны ұрлық фактісі туралы арызданды.

Мән-жайды анықтау барысында 23 қараша күні кешкі сағат 21:00 шамасында танысының жәбірленушінің үйіне қонақ болып келіп, банкомат картасын ұрлап, «Арай Сити» сауда үйінен 45 000 теңгеге жуық сомаға сауда жасағаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті кезекші тәулікте ұсталды.

Ол жасаған әрекетін толығымен мойындап, қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру