Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда велосипед ұрлаған әйел ұсталды

Алматы қаласы Бостандық ауданының аумағында велосипед ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Біздің бөлімшеге осыдан бірнеше күн бұрын велосипедінің ұрланғаны жөнінде жергілікті тұрғын шағымданған еді. Көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне орнатылған бейнекамералардың жазбасын қарау барысында еуропалық типтес, 50 жас шамасындағы белгісіз әйелдің тұрғын үйдің дәлізіне кіргендігі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде учаскелік полиция қызметкері күдікті әйелдің жеке басы мен тұрғылықты жерін анықтап, 1971 жылы туған  азаматшаны ұстады. Оның рюкзагынан велосипедті бұғаттау шынжыры табылды. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша жүргізілуде» – деп мәлімдеді Алматы қаласы Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру