Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнінде полицияға 30-ға жуық адам хабарласты

Алматыда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні полицияға 30-ға жуық адам хабарласты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында бірыңғай қабылдау күні аясында бейнеконференция режимінде 28 азамат байланысқа шықты.

Қабылдау уақыты күндізгі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жалғасып, азаматтар полицияға қатысты сұрақтары мен мәселелерін айтты. Оның ішінде кейбір қылмыстық істердің жүргізілу барысы, қаладағы жол қозғалысының қауіпсіздігі сияқты мәселелер көтерілді. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтің осыған дейін де апта сайын азаматтарды қабылдауды онлайн режимде жүргізіп келгенін айта кету керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру