Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды

Қызылордада жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізуші жеті жыл мерзімге  көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйекте Қызылорда қаласындағы Яссауи-Мүсірепов көшелерінің қиылысында 30 жастағы жүргізуші “Лада Гранта” маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Яссауи көшесіндегі үйлердің бірінің темір қоршауына соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Жуырда Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті  жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру