Ұлттық ұланда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті
Ұлттық ұланда азаматтарды
бірыңғай қабылдау күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ұлттық ұланның барлық өңірлік қолбасшылықтары мен әскери бөлімдерінде
азаматтарды онлайн режимінде бірыңғай қабылдау күні өтті.
Елордада азаматтардың үндеуіне Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов жауап берді. Онлайн қабылдау кезінде азаматтар мен әскери қызметшілер негізінен әскери қызмет пен әлеуметтік сипаттағы сұрақтарды айтты. Атап айтқанда, азаматтарды әскери қызметке орналасу және тұрғын үй төлемдері бойынша берешекті өтеу мәселелері
қызықтырды.
Барлық өтініштер бойынша Руслан Жақсылықов тиісті қызметтер басшыларына нақты тапсырмалар беріп, оларды тез арада шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауды бұйырды.
– Мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының блогына келіп түсетін барлық өтініштерді үнемі қадағалап отырамын. Олардың әрқайсысы үшін тиісті қызметтер талдау жүргізеді және заң шеңберінде белгіленген мерзімде жауап береді. Ішкі істер министрлігі басшылығының тапсырмасы бойынша бүгін
біз онлайн форматта кездесу өткізіп жатырмыз. Менің ойымша, бұл платформа нақты уақытты ескере отырып, азаматтар мен әскери қызметшілерге әскер басшылығына тікелей жүгінуге және олардың өзекті мәселелерін шешуге жақсы мүмкіндік береді. Тұрғын үй төлемдерінің проблемаларына келетін болсақ, мен келесілерді баса айтамын, бұл мәселе бүгінгі таңда шешімін тапты, барлық қарыздар келесі аптада толығымен жабылатын болады, – деді Руслан Жақсылықов.
Осындай онлайн-қабылдауды Ұлттық ұланның барлық өңірлік
қолбасшылық қолбасшылары және әскери бөлімдер командирлері өткізді.
Әскер басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы шамамен 40 адамды қабылдады.