Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп, ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жиын өткізді.

“Zoom” платформасы арқылы онлайн режимде өткен басқосу барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құзырлы органдардың ғана міндеті емес, жалпы қоғамның ортақ ісі екендігі ерекше атап өтілді. Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Әділет Ерманов сыбайлас жемқорлық індетінің мемлекет пен қоғамға келтірер залалы жөнінде кеңінен сөз қозғап, оның алдын-алу шараларын қолға алудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ онлайн кездесу барысында өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бекболат Ескеев қылмыстық-атқару жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа күрес күн өткен сайын күшейіп жатқандығын жеткізді.

– Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жеке құрам қызметкерлері арасында профилактикалық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. ҚАЖ департаментінің басшылығы Өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, күні бүгінге дейін пара берудің бес дерегін анықтады. Жалпы, ҚАЖ қызметкерлері арасында арнайы жиындар өткізіліп, жүйелі шаралар қабылдануда. ҚАЖ департаментінде аталмыш індеттен қызметкерлерді сақтандыру бағытында алдын-алу шаралары алдағы уақытта жалғасын табатын болады, – деді Б.Ескеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру