Отырарлық полицейлер 350 құқық бұзушылықты анықтады
Отырарлық полицейлер «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 350 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар АПБ-нің полицейлерімен жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру жол көлік оқиғаларын төмендету және Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 23-30 қараша күндері аралығында өткізіліп жатқан іс-шараның алты күнінде отырарлық полицейлер 350 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оларды нақтырақ айтар болсақ:
ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Мас халде көлік құралын басқару) бойынша алты азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, автокөліктері айыптұраққа қойылды. ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Автокөлікті басқару кезінде қауіпсіздік белбеуін тақпау қағидаты) 200 азаматқа айыппұл салынды. 600-баппен (Жаяу жүргінші жолағында жаяу жүргіншіге жол бермеу қағидаты) 50 тұрғынға хаттама толтырылды. 591-бап (Автокөлікті басқару кезінде ұялы телефон қолдану қағидаты) бойынша 50 азаматқа шара көрілді. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Автокөлікті техбайқаусыз басқару) 22 азаматқа хаттама толтырылды. Ал, 615-бабы (Белгіленбеген жерден жолды кесіп өту) 22 азаматқа айыппұл салынды.Сонымен қатар, басқа да құқық бұзушылықтар анықталды. Мәселен, Шәуілдір ауылында полицейлер кезекті рейд күні ауыл көшелерінің бірінде орналасқан дүкеннің сатушысы жасы жиырма бірге толмаған тұрғынға алкоголь өнімдерін сатқандығын анықтады. Дүкен сатушысына ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша хаттама тотырылып, айғақты зат ретінде спирттік өнімдер алынды. Жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері құқықтық тәртіпті сақтап, заң аясында ғана әрекет етуге шақырады. Және жол ережесін сақтаңыздар.