Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл көліктің мас жүргізушісі автобусқа соғылды

Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл көліктің мас жүргізушісі автобусқа соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қарашасында “Лада” автомашинасының жүргізушісі масаң күйде бола тұра, Уәлиханов көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылы қиылысында көпірден түсіп бара жатқан жерде автобусқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы болған кезде жолаушылар автобусының жүргізушісі басты жолдан келе жатқан көлік ағынын өткізіп, оңға бұрылайын деп тұрған. ЖКО салдарынан автобус жолаушылары зардап шекпеген.

“Лада” жеңіл көлігінің жүргізушісі масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін 2016 жылдан бастап көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Алайда, ол осы уақыт ішінде тағайындалған жазаны елемей, үшінші рет масаң күйде көлік басқару үстінде ұсталған.

Медициналық куәландырудан өткеннен кейін, нарколог-дәрігердің қорытындысына сәйкес, жоғарыда аталған адамның “орташа” дәрежедегі масаң күйде болғаны расталды.

Қазіргі кезде осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші ПД УҰИ қамауға алынды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті автокөлік иелерінен ЖЖҚ сақтауын және жүргізушінің куәлігінсіз көлік құралын басқармауын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру