Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер жолда қалып қойған шетелдік жолаушыға көмек көрсетті

Ақтөбеде полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған автокөлік жүргізушісін құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған оқиға “Самара-Шымкент” тасжолының бойында болған. Қобда аудандық полиция бөлімінің патрульдік қызметкерлері Бақтияр Даулетьяров пен Бауыржан Кайдаулов Қобда ауданында кезекті патрульдеу шарасын өткізіп жүргенде жолдың 623-шақырымында жол жиегінде тұрған жол талғамайтын автокөлікті байқайды. Көлікте Орал қаласына жол тартқан шетел азаматшасы болған. Көлік техникалық ақау салдарынан жолда тоқтап қалған. Полиция қызметкерлері дереу көмек қолын созып, көліктің жарылған доңғалағын ауыстырып берді. Шетел азаматшасы полиция қызметкерлеріне көмегі үшін алғыс білдіріп, қызметте табыс тіледі және әрі қарай сапарын жалғастырды.

Қазіргі күні Ақтөбе облысында ауа райы қолайсыз. Полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында күшейтілген кезекшілік қызметін атқарып жүр.

Осыған байланысты облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы кезінде ауа райының нашарлауына байланысты барынша мұқият және сақ болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру