Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Колония аумағына есірткі өткізбек болған азамат ұсталды

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің (әйелдер колониясы) қызметкерлері мекемеге іргелес аумақта есірткі тасымалдаумен айналысатын Алматы облысының азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері жеке тексеру барысында азаматтан ішінде этимологиясы түсініксіз зат бар 10 дана қалташа тапты. Іргелес аумақты шолып өткен мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында ішінде осыған ұқсас зат бар тағы бір пакет зат табылды.

Ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша 84 грамм кристалды зат және 17 түйір синтетикалық зат табылып, тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында айыпталушының Алматы облысының тумасы екендігі және есірткі заттарын белгілі бір орындарда қалдыру арқылы сатумен айналысатыны анықталды.

Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру