«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жалғасуда
Қарағанды облысының аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын 25 қарашада Қазақстан аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталады.
Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерді өз құқықтары туралы хабардар ету, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім есепте тұрған тұлғаларды тексеру болып табылады.
Акция барысында Қарағанды қаласы Октябрь полиция бөлімінің ювеналдық полициясы инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша жүгінген әйелдерге көмек көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Акция барысында тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім 100-ден астам тұлға, сонымен бірге 60-тан астам қолайсыз отбасы тексерілді. Әкімшілік жауапкершілікке 20 тұлға тартылды, оның 8-іне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.