Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері семинарға қатысты

Шымкентте Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары семинар-тренингке қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қалалық Әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік қызметтерді және көмекті көрсетудің интеграцияланған моделін дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Оған Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби және Еңбекші аудандары Полиция басқармаларының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары, қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен мектеп ұстаздары қатысты.

Түрлі сала өкілдері бас қосқан жиында қоғамдағы мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, отбасындағы қарым-қатынас, туындаған әлеуметтік шиеленістерді шешуге көмек беру туралы пікір алмасу өтті.

Іс-шарада сөз сөйлеген Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айгүл Қалиева республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясының мақсаты туралы толығырақ түсіндіріп өтті.

– Еліміздің барлық аймағында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» кең көлемді акциясы өткізілуде. Оның мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту болып табылады, – деді Айгүл Айдарбекқызы.

Аталмыш акция аясында Әл-Фараби ауданы бойынша 12 әйелмен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүгізілген. Оның ішінде үш азаматша «Самғау сенімі»» дағдарыс орталығына жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру