Тойханада құдалық өткізгендер анықталды
Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ рейдтік іс-шаралар өткізуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудан аумағында өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында Желтоқсан көшесі бойында орналасқан «Дильназ» дәмханасында садақа өткізіліп жатқаны және Тәуке хан даңғылындағы «Коно» қонақ үйінде 40 адамға құдалық ұйымдастырылғаны анықталды.
Сондай-ақ құрамында полицейлер бар мобильді топ өкілдері Сайрам көшесі бойында орналасқан «Loto club» ойын клубының жұмыс істеп тұрғанын анықтаған.
Полицейлер аталған жайттарға қатысты карантин талаптарын бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша хаттама толтырды. Жинақталған құжаттар Еңбекші аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.