Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ойын-сауық мекемелерінің бірінде төбелескен қыздардың бірі соққыға жығылған

Қарағандыда ойын-сауық мекемелерінің бірінде төбелес ұйымдастырған екі қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қарашада Қарағанды қаласы ПБ Орталық полиция бөліміне медициналық мекемелердің бірінен 23 жастағы қала тұрғынының дене жарақаттарымен жүгінгені туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында жәбірленушінің ойын-сауық мекемесінде болып, сол жерде басқа клиенттермен жанжалдасқаны, соңы төбелеске ұласқан жанжал кезінде жәбірленушіге дене жарақаты келтірілгені анықталды.

3 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар 21 және 22 жастағы екі қызды ұстады, олар кінәсін мойындады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабымен (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру