Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі алаяқ жас жігітті алдап соққан

Қарағандыда екі алаяқ жас жігітті қылмыстық жауапкершіліктен “құтқарғаны” үшін ақша беруге көндірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қарашада 20 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне хабарласып, алаяқтардың арбауына түскені туралы шағымданды.

Жас жігіт оған белгісіз адамдардың хабарласып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатынын айтып қорқытқанын, ал оны болдырмау үшін өзінен 50 мың теңге талап еткенін айтты.

Алаяқтардың қысымынан қорыққан жәбірленуші оларға ақша беріп, кейін өзінің қателескенін түсініп, полицияға жүгінген.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

3 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 22 және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар қылмысын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру