Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрбысының сақинасын қолды қылған азаматша ұсталды

Павлодар облысының Екібастұз қаласында құрбысының алтын сақинасын ұрлап кеткен қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қос құрбы демалыс күні кездесуге келіскен. Сұлулық салонына барғаннан кейін, құрбылардың бірі досын үйіне шайға шақырады. Үй иесі дастархан жайып жатқан сәтті пайдаланған құрбысы жатын бөлмеге барып, онда құрбысының алтын бұйымдарын сақтайтын қораптан алтын сақинасын қолды қылған. Сосын үй иесіне шай үшін алғыс айтып, кетіп қалған. Алтын сақинаның иесі бағалы бұйымның жоғалып кеткенін тек екі күннен соң байқап, полицияға жүгінді. Жедел уәкілдер оның 19 жастағы құрбысын ұстады, сақина тәркіленді, – деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Қазіргі таңда ұры қызға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабымен  (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру