Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алтын ұрлаған күдікті әйел құрықталды

Қызылордада алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті әйел құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 желтоқсан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, қаладағы сауда үйлерінің бірінде үш дана алтын жиынтық ұрлаған белгісіз біреулерге шара қолдану туралы арызданған.

Келтірілген шығын 600 000 теңгені құрады.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында бірнеше сағаттан кейін 1990 жылы туған күдікті әйел ұсталды.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру