Ұрылар алысқа ұзамады
Қызылордада ұрлық жасаған қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 желтоқсан күні мұнай айналымы саласында жұмыс істейтін мекеме директоры облыс орталығында орналасқан аталған мекеменің ғимаратының темір торын бұзып, қызметтік көліктердің жеті аккумуляторы мен кілттер жиынтығын ұрлап кеткен белгісіз біреулерге қатысты шара қолдану туралы шағымданды.
Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен үш қала тұрғынын қолға түсірді.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.