Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық азамат бөтен біреудің көлігін заңсыз айдап әкеткен

Павлодар облысында бөтен біреудің көлігін айдап әкеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 желтоқсанда Павлодар қаласының полицейлеріне белгісіз біреудің гаражынан «ГАЗ-3110» маркалы көлігін заңсыз айдап әкеткені туралы қала тұрғыны шағымданған.

Жәбірленушіге келтірілген залал 300 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаскүнемді ұстады, ұрланған көлік табылды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері ұрлықтың құрбаны болмас үшін, көлікті бірнеше минутқа қалдырған болсаңыз да қауіпсіздік жүйесін қосып, барлық есіктерінің жабық екеніне көз жеткізуіңізді, көлікті жақсы жарықтандырылған, көрінетін жерлерде қалдыруыңызды сұрайды. Сондай-ақ автокөлікте кілттер мен құжаттарды, бұдан басқа қылмыскерлердің назарын аударатын бағалы заттарды  қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру