Тұрғындар учаскелік полиция инспекторына алғыстарын білдіруде
Павлодар қаласының ПБ басшылығының атына қаладағы көпқабатты үйлерге қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативінің төрағасы Галина Илющенкодан алғыс түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өз алғысында ол №16 УПП учаскелік полиция инспекторы Дулат Монтаевтың қызметі үшін шынайы алғысын білдірді.
– Біздің учаскелік полиция қызметкері Дулат Талапұлы проблемалық мәселелерді шешуге әрдайым дайын, өз қызметінде құзыретті және сыпайы. Біз оған біліктілігі мен қызметке адалдығы үшін алғыс айтамыз, – деп атап өтті төраға.
Сондай-ақ ол өзекті мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік аумақтағы жедел жағдайды бақылау үшін «WhatsApp» танымал мессенджерінде полиция басшылығының, өңірдің учаскелік инспекторларының, сондай-ақ қаланың пәтер иелері кооперативтері өкілдерінің қатысуымен топ құрылғанын айтты.
Галина Владимировна мәтіндік хабарламалар, бейнежазбалар және аудио хабарламалар жіберу арқылы қысқа мерзімде учаскелік инспекторларға жүгінуге, шағымдар, ұсыныстар енгізуге, барлық проблемаларды жедел және бірлесіп шешуге мүмкіндік пайда болғанын атап өтті.