Жұмыссыз азамат біреудің велосипедін тартып алған
Байқоңырда біреудің велосипедін тартып алған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен аптада ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігіне 2002 жылы туған жергілікті тұрғын сағат 01:35 шамасында үйінің алдында белгісіз біреудің «XLLS» маркалы велосипедін тартып алғаны туралы арызданған.
Тәртіп сақшылары өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде осы іске қатысы бар күдікті анықталып, ұсталды. Ол еш жерде жұмыс істемейтін Байқоңыр қаласының тұрғыны болып шықты.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен (Тонау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.