Аудан тұрғынынан тіркелмеген мылтық алынды
Қызылорда облысында тіркелмеген қару тасымалдаған аудан тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 желтоқсан күні Самара-Шымкент тас жолында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының иснпекторлары қызмет атқару барысында жеңіл шетелдік автокөлікті тоқтатқан.
Қармақшы ауданының 49 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан көлікті тексеру кезінде жүк салғышынан 16 калибрлі қос ауызды аңшы мылтығы табылды. Мылтық ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты.
Мылтық айғақ зат ретінде алынып, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасына зерттеуге жіберілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабымен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама ресімделіп, сотқа жолданды.