Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық алаяқ жергілікті тұрғыннан 800 мың теңге алған

Қызылордалық алаяқ жергілікті тұрғынның 800 мың теңгесін алып, алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 желтоқсанда алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданды.

Ол қыркүйек айынан бастап мектепке жұмысқа орналастыруға уәде берген азаматқа 800 000 теңге ақша берген.  Бірақ көп ұзамай ақшаны алған азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешімін таппағандықтан жәбірленуші азамат полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасаған 1993 жылы туған қала тұрғыны  ұсталды. 

Қазіргі таңда аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру