Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген 24 көлік анықталды

Жыл басынан бері Атырауда көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан 24 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің нұсқауына сәйкес патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы ережелерін бұзуды, оны ішінде  мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған немесе қолдан жасалған көліктерді анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Жыл басынан бері өңір полицейлері көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқарғаны үшін 24 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мәселен, 21 қараша күні кешке Геолог ықшам ауданында полиция қызметкерлері Ресей мемлекетінен әкелінген «Toyota Camry» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің мемлекеттік нөмірі жалған екендігі анықталды.

24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігімен (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

– Жақында сот шешімімен аталған азамат бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ бұл баптың санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу да көзделген,- деп атап өтті патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сарсенбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру