Құқық қорғаушылар зейнеткер әріптестеріне ілтипатын білдірді
Құқық қорғаушылар зейнеткер әріптестеріне ілтипатын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақ халқы жетімі мен жесірін жылатпаған, сондай-ақ, ешқашан қариялары мен балаларын тағдырдың тәлкегіне тапсыруға жол бермеген. Тура осы салтты құқық қорғау органының қызметкерлері де ұлт үндеуі ретінде ұстануда. Әрбір құқық қорғаушы жүрегінде аяушылық пен рақымшылық ұялата білу керек, тек осындай қасиеттердің барында ғана өзінің қызметі мен кәсібіне адал болу қолдан келетін болады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/18 мекемесінің қызметкерлері әр жыл сайын желтоқсан айындағы мерекелер аясында өмірін мемлекеттің мүддесіне, қоғамдық тәртіптің тұрақтылығына, бейбітшілік пен келісімге арнаған ардагер-қызметкерлерін ұмыт қалдырмайды.
Биылғы жылы қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері осы жүйенің ардагер-зейнеткері Нурия Коинованың үйіне базарлықпен барып келуді жөн көрді. Нурия Саитовна ұзақ жылдар бойы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/18 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің инспекторы қызметін атқарды. Ұзақ еңбек өтілі жылдарында апайымыз өскелең ұрпаққа – жас қызметкерлерге өзінің адалдығы мен шыншылдығы арқасында құқық қорғау органы қызметкерінің бейнесі қандай болу керек екендігі жөнінде парасатты пікір қалыптастыра алды. Бүгінгі күні Нурия апай зейнеткерлікте, өзінің балалары мен немерелерінің жетістіктері мен жеңістерін қызықтауда, және соның өзінде оларға әркез құқыққұрметтеуші әрі адамгершілікті тұлға болып қалу маңыздылығын нұсқап отырады.
– Біздің салада бұрынғы әріптес деген ұғымға жол жоқ. Нурия Коинова тура күні кеше ғана біздің мекеме қабырғасында еңбек етсе, бүгінгі күні, біздің осы қалашықта тұрып жатыр, ол кісімен күнде амандасып жүрген біздер, тура таңертеңінде Нурия Саитовнамен жұмыста қайта кездесетін секілді болып тұрамыз, – деп өзінің біздің кейіпкерімізге деген жылы лебізі мен ілтипатын кадр бөлімі қызметкері Еркежан Уаисова жасыра алар емес.
Мекеме қызметкерлері ардагер-зейнеткердің үйінде қонақта бола отырып, ол кісінің қал-жағдайы мен денсаулығы жөнінде жөн білісті. Есесіне, Нурия Саитовна өзін осы күнге дейін ұмыт қалдырмаған, қиындық түссе қабырғаларымен тең қабылдар әріптес қызметкерлерінің бар екендігіне алғыс білдірді. Мекеменің барлық жеке құрамына тек қана өсіп-өркендеуді, және әрқайсысына бақыт пен денсаулық тілеп, батасын берді.