ШҚО-да көршісі зейнеткердің миллион теңгесін ұрлаған
Шығыс Қазақстан облысында көршісі зейнеткердің миллион теңгесін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бородулиха аудандық полиция бөліміне 73 жастағы зейнеткер ақша қаражатын ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген. Шығын көлемі 800 мың теңгені құрады.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бородулиха АПБ қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы жұмыссыз
көршісі анықталды, – деді Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.
Полицейлер ақшаның бір бөлігін зейнеткерге қайтарып берді. Күдікті ақшаның бір бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Күдікті ұрлық жасағанын мойындады.
37 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.