242 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді
Атырауда ішімдік ішіп ұсталған 242 азаматтың мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізеді.
- Жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған 3000-ға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 242 адам осы құқық бұзушылықты қайталап жасаған, - деп хабарлады Атырау қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.
Сонымен қатар қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес (ӘҚБтК-нің 54-бабы) сот қаулысымен мұндай рецидивистердің мінез-құлқына үш айдан алты айға дейінгі мерзімге ерекше талаптар белгіленеді. Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторлары оларды есепке алып, тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.