Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізген тұрғын жауапқа тартылады
Таразда пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сатумен айналысқан тұрғындарды анықтау үшін рейд өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері ескертеді.
Тараз қаласы аумағында мереке және жаңа жылдық мейрам күндері қарсаңында азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 2020 жылдың желтоқсан айының 15-інен бастап 2021 жылдың қаңтар айының 7-сіне дейін рейттік жұмыстар жүргізіледі.
Тараз қаласының қала тұрғындары мен қонақтары пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдалану техникалық тәртіп талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы ӘКБтК-нің 415, 436, 483, 196-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.