Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері кеңес берді

Алматы облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері сотталғандарға азаматтық-құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай биылғы жылдың желтоқсан айында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері мен Алматы облысы заң кеңесшілері палатасының заңгерлері бірлескен іс-шара өткізді.

Іс – шара аймақтың ҚАЖД ЛА-155/12 және ЛА-155/14 мекемелеріндегі сотталғандардың қылмыстық істеріне қатысы жоқ азаматтық-құқықтық мәселелер бойынша сотталған азаматтарға кеңес беру түрінде өтті. Онда  Алматы облысы заң кеңесшілері палатасының тәжірибелі заңгерлері және Алматы қаласы мен Алматы облысының Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері кеңес берді. Кеңес беру уақытында шектеулер болған жоқ.

– Бұл күнді жариялаудың мақсаты – барлық адамдар мен халықтар үшін ортақ идеал ретінде адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына бүкіл әлемдегі адамдардың назарын аудару болып табылады. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында саяси, азаматтық, әлеуметтік, мәдени және экономикалық құқықтардың кең тізімі бар. Біз сондай-ақ сотталғандардың құқықтарын сақтауды шетке қалдырмаймыз, оларға түрлі көмектер көрсетеміз. Біз жақын арада әйелдер колониясына баруды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Ардақ Жанәбілова.

Сотталған азаматтар тарапынан жер дауларынан бастап, қамқоршылық пен қамқоршылықты ресімдеуге дейінгі мәселе, несиені тоқтата тұру сияқты сұрақтар көп қойылды. Сондай-ақ жазаны өтеу кезінде неке қию және ажырасу, салық бойынша берешекті төлеу, автокөлікті қайта ресімдеу және т.б. мәселелер қаралды.

Дүниежүзілік адам құқықтары күні – жаһандық мереке. Ол барлық өркениетті мемлекеттерде қоғам және жеке тұлға үшін маңызды күн ретінде атап өтіледі. Дүниежүзілік қоғамдастық үшін бірыңғай күнді Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілейді. 1948 жылғы 10 желтоқсанда адам құқықтарының жалпыға ортақ  декларациясы қабылданды, ал екі жылдан кейін БҰҰ бұл күнді халықаралық мереке деп тануға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру