Полицейлер балалар үйіне барды
Қарағанды облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Үміт» балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл балалар үйінде ата-аналары өмірде қиын жағдайға тап болған балалар тұрады. Олар мұнда ата-аналары жұмысқа орналасып, тұрғылықты жерін тұрақтандырғанша уақытша тұрады.
Полиция қызметкерлері балаларға арналған тәтті сыйлықтарды карантинге байланысты тәрбиешілерге табыстады.
– Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан оларды қолдауымыз керек. Оларды қуанышқа бөлеу – біздің парызымыз! – деді Қарағанды облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Багдат Какимов.